Жеті бұрышты салу туралы
Егер ол АВ сызығына тең қабырғалы жеті бұрышты тұрғыз десе, онда ВС сызығын АВ сызығына тең етіп, АС сызығына тең қабырғалы DАС үшбұрышын тұрғызамыз да бесінші тарауда көрсетілгендей АВС үшбұрышына сырттай шеңбер сызамыз. Онда АВ сызығына тең АЕ сызығын-хорданы жүргізіп G нүктесінде АЕ-ні қақ бөлеміз, GH перпендикулярын орнатып оны дөңгелек шеңберіне дейін созамыз. АВ-ны F нүктесінде қақ бөліп оған GH перпендикулярына тең FI перпендикулярын тұрғызайық. А,В және I нүктелері арқылы ABI шеңберін жүргізіп [оған] АВ доғасына тең АК, KL, LI, IM, MN және NB доғаларын саламыз. АК, KL, LI, IM, MN және NB сызықтарын жүргізейік; бұл тең қабырғалы және тең бұрышты жеті бұрыш