Тоғызбұрышты салу туралы
Егер ол АВ сызығына тең қабырғалы және тең бұрышты тоғыз бұрыш тұрғызу керек десе, онда центрі G нүктесі болатын кез келген өлшемді CDE шеңберін сызып, ондағы С нүктесін белгілеп оны центр ретінде қабылдайық та шеңберден жарты диаметрлік қашықтықта Е мен D нүктелерін белгілейік. DE доғасын тең үш бөлікке бөлейік. Сондай доғаның бірі EH болсын. EG, EH және HG сызықтарын жүргізіп, EG мен HG сызықтарының арасында АВ сызығына тең және ЕН сызығына параллель FI сызығын саламыз. А мен В нүктелерін центр ретінде қабылдап FG қашықтықта К нүктесінде қиылысатын шеңберлер сызайық. К нүктесін центр ретінде қабылдап KА қашықтықта ABL шеңберін сызамыз. ABL доғасын тең сегіз бөлікке бөліп оларды бөліну нүктелерін хордалармен қосайық. АВ30 сызығында тең қабырғалы және тең бұрышты тоғыз бұрыш шығады.